Майндағы Франкфурт қаласында нөсер жауын салдарынан әуежай жұмысында кедергілер орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
FNP сайты таратқан мәліметке сәйкес, әуе кемелерінің жұмысы екі сағатқа тоқтап, 34 ұшақ ұша алмаған.
70-тей рейс кейінге шегеріліп, 23 рейс елдегі басқа әуежайларға жіберілген.
Ауа райының қолайсыздығынан Майндағы Франкфурт әуежайының мыңнан астам жолаушылары зардап шекті. Қатты жауын ұшып-қону жолағын су басуға алып келген.
Одан бөлек, Баден-Вюртемберг, Рейнланд-Пфальц және Тюрингия қалалары да жапа шегіп, жер үйлердің жертөлелерін су басты.
Нөсер салдарын жою үшін шұғыл қызметтің жүздеген қызметкерлері, соның ішінде полицейлер мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.