Германияда елордалық пара дзюдошылар 1 алтын, 1 күміс жүлде иеленді

21 Ақпан 2024, 05:17
438
Бөлісу:
Германияда елордалық пара дзюдошылар 1 алтын, 1 күміс жүлде иеленді
Фото: gov.kz

Германияның Гейдельберг қаласында өткен пара дзюдодан Гран-при турнирінде елордалық пара спортшылар ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс жүлде салды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде Астана қаласының пара спортшысы Ақмарал Науатбек J2 санаты бойынша 48 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Тағы бір жерлесіміз Ерғали Шамей J1 санаты бойынша 73 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстан пара дзюдо федерациясы мәлім еткендей, пара дзюдодан өткен Гран-при турнирінде ел намысын 13 ер, 6 әйел спортшы қорғады. Оның төртеуі – Астана қаласының пара дзюдошылары.

Өзгелердің жаңалығы