Германияда атыс кезінде 6 адам қаза тапты

10 Наурыз 2023, 15:17
493
Бөлісу:
Германияда атыс кезінде 6 адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөз

Германияның Гамбург қаласында атыс болып, кемінде 6 адам қаза тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, Альстердорф ауданында кең ауқымды операция жүрді.

Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі жетті.

Кейбір мәліметтер бойынша, атыс Иегова Куәгерлері орталығында болған.

Гамбург полициясы өзінің twitter-дегі парақшасында қылмыстың жасалуына не себеп болғаны белгісіз екені айтылған. Осыған байланысты полиция өкілдері болған оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Сондай-ақ полиция шабуылға күдіктінің өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Жергілікті уақыт бойынша, түнгі сағат 21:00-лер кезінде NINAwarn федералдық қосымшасы арқылы жергілікті тұрғындарға ескерту жасалған. Онда бір немесе бірнеше адамның шіркеуде адамдарға оқ атқаны айтылған. Тұрғындарға үйден шықпау туралы кеңес берілді.

 

Өзгелердің жаңалығы