Германияда әскер жасындағы ерлердің елден шығу ережесі қатаңдатылды

Енді 17 мен 45 жас аралығындағы азаматтар құзырлы органның рұқсатынсыз елден шыға алмайды.

 istockphoto Бүгiн 2026, 04:49
Бүгiн 2026, 04:49
288
Фото: istockphoto

Германияда әскер жасындағы ер азаматтардың елден шығу тәртібі өзгерді, деп хабарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ  РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Frankfurter Rundschau басылымының жазуынша, енді 17 мен 45 жас аралығындағы азаматтар елден үш айдан ұзақ уақытқа шыққысы келсе, бундесверден арнайы рұқсат алуға міндетті.

Жаңа талаптар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Бұған дейін мұндай шектеулер тек төтенше жағдай кезінде – қорғаныс режимі немесе қауіпсіздікке жоғары қатер төнген жағдайда ғана қолданылатын.

Күшейтілген дайындық жағдайы деп парламент немесе НАТО сыртқы қатер бар деп таныған ахуал айтылады, ал қорғаныс жағдайы – елге қарулы шабуыл жасалған нақты факт. Енді шетелге шығуды келісу талабы тұрақты негізде қолданылады.

 

Наверх