Германия үшін Қатардағы әлем чемпионаты аяқталды

2 Желтоқсан 2022, 10:10
929
Бөлісу:
Германия үшін Қатардағы әлем чемпионаты аяқталды

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Германия құрамасы турнимен қош айтысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Е тобындағы футбол матчтары аяқталды. Бұл төрттіктен плей-оффқа Жапония мен Испания өтті. Ал Германия мен Коста-Рика командалары үйлеріне қайтады.  

Германия Коста-Риканы 4:2 есебімен жеңгенімен, ұпай саны бойынша төрттіктің ішінде Испанияға жол беріп, үшінші орынға тұрақтады. Осылайша, чемпионатты аяқтауға мәжбүр. Ал Испанияны жеңген Жапония алға шықты. Олар енді Хорватия командасымен бақ сынасады. Испаниялықтар Марокко құрамасымен ойнайды деп күтілуде.

Айта кеткен жөн,бұл топта Испанияны тізе бүктірген Жапония бірінші орын алып, 5 желтоқсанда Хорватиямен ойнайды. Ал плей-офқа екінші орынмен шыққан Испания 6 желтоқсан күні Мароккомен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы