Германия – Орта Азия сауда айналымының 80%-ы Қазақстанға тиесілі

11 Қыркүйек 2023, 16:04
973
Бөлісу:
Германия – Орта Азия сауда айналымының 80%-ы Қазақстанға тиесілі
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы Қазақ-герман бизнес форумында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан – Германияның Орталық Азиядағы жетекші экономикалық серіктесі. Германия мен Орта Азия арасындағы сауда айналымының 80%-дан астамы Қазақстанға тиесілі. Барлық кедергілерге қарамастан, екі ел арасындағы өзара сауда былтыр артып, биыл тауар айналымының айтарлықтай өсуіне қолайлы жағдай туып отыр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 2,8 млрд доллар болған. Бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 5% жоғары, - деді ол.

Склярдың айтуынша, бұл өсім бірлескен жобаларды іске асырудағы оң үрдістердің арқасында мүмкін болды. Бүгінде Қазақстанда герман капиталының қатысуымен 1 мыңнан астам компания жұмыс істеп тұр.

Екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап тұрақты, сенімді және сындарлы диалог қалыптасты, құқықтық база құрылды. Біз сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы, Берлин Еуразиялық клубы, инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі арнайы үкіметтік жұмыс тобы сияқты диалог алаңдары шеңберінде өзара тығыз іс-қимыл орнатып отырмыз. Жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу үшін неміс бизнесімен ары қарай белсенді жұмыс істеуге мүдделіміз, - деді бірінші вице-премьер.

Өзгелердің жаңалығы