Геосаяси жағдайға байланысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр – министр

23 Тамыз 2022, 10:02
801
Бөлісу:
Геосаяси жағдайға байланысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр – министр

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Республикада астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29,1 млн тоннаны, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 12,6 млн тоннаны, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 16,5 млн тоннаны құрайды. Көрсетілген сақтау сыйымдылығы өткен жылдардағы ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, болжамды егінді сақтау үшін жеткілікті, - деді Ербол Қарашөкеев.

Министрдің айтуынша, облыс әкімдіктері жаңа астықты қабылдауға астық сақтау орындарының дайындығын қамтамасыз етуі қажет.

Әлемде қалыптасқан геосаяси жағдайға, сондай-ақ бірқатар елдерде дәнді дақылдар өндірісінің төмендеуіне байланысты алдымызда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды міндет тұр, - деді ол. 

Ол атағандай,  егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикада 147,7 мың трактор, 38,1 мың астық жинайтын комбайн, 13,3 мың дестелегіш, 73,4 мың трактор тіркемесі бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында «Жасыл даму» акционерлік қоғамының қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдікпен кредит беру пысықталғанын атап өту қажет, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы