Геосаяси жағдайдың нашарлауынан құбылулар мен тәуекелдер артты – Ұлттық Банк

14 Шілде 2022, 11:13
1361
Бөлісу:
Геосаяси жағдайдың нашарлауынан құбылулар мен тәуекелдер артты – Ұлттық Банк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық Банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

Пірматовтың айтуынша, геосаяси жағдайдың нашарлауынан құбылулар мен тәуекелдер артқан. Осындай жағдайларға байланысты банк қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша жедел шараларды қабылдады. 

Біріншіден, нарықта бұрын-соңды болмаған өзгерістерге толы оқиға кезінде жедел шаралар қаржы нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Біз теңге бағамының шектен тыс ауытқуын шектей отырып, оның инфляцияға ауысуын тежедік. Екіншіден, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету  және теңгедегі активтерді сақтау үшін теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы қабылданды,-деді  Пірматов.

Сонымен қатар ол нарықтағы құбылмалық, ұлтық қор мен зейнетақы активтерінің ұзақ мерзімді кезеңдегі кірістілігі оң күйінде қалып отырғанын жеткізді. 

1шілдеден бастап Ұлттық Банк елдегі төлемдер жүйесін және төлем карточкаларының банкаралық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға қосты. Пайдасы мен шығындарын бақылай отырып, цифрлық теңгені еңгізу шешімі моделін қабылдадық. Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан бұдан өзге де тәуекелдер де бар, - деді Банк төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы