Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Геосаяси қысым бізді бір-бірімізден алшақтатып жатыр. Біз бірлесе жұмыс істеуге, ынтымақтасуға, өзара қарым-қатынас жасауға және күш-жігерімізді біріктіруге зәруміз. Бұл жердегі негізгі идея – осы. Сол себепті Астана халықаралық форумы осындай тенденцияларды еңсеру үшін өте маңызды, - деп айтты Тоқаев.
Президент біріккен кездесулер, отырыстар арқылы халықаралық қоғамдастық сын-қатерлерді еңсере алатынын айтты.
Осылай ғана өзіміздің ортақ болашағымызды қалыптастырып, біртіндеп барынша тұрақты, әділ әрі қауіпсіз әлемді құра аламыз, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында.