География пәні мұғалімі оқушыларға арналған платформа әзірледі

Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам кентінің №80 мектеп-лицейінің мұғалімі Серік Ниязов мемлекеттерді танып-білудің инновациялық бағдарламасын жасап шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Оқу-ағарту министрлігі 5 Қыркүйек 2023 2023, 17:49
5 Қыркүйек 2023 2023, 17:49
1867
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам кентінің №80 мектеп-лицейінің мұғалімі Серік Ниязов мемлекеттерді танып-білудің инновациялық бағдарламасын жасап шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл мемлекеттік тілдегі бірден-бір платформа. Ол барлық заманауи талаптарға сәйкес жасалған. 

Жобаның басты жаңалығы - сабақ барысында білім алушы жаңа сабақтың мазмұнын толық ашу үшін түрлі сала бойынша ақпараттарды пайдалана отырып, ресурстарды жүйелеп және оны әдістемеге қосуы қажет. Бағдарлама педагогикалық идеяны инновациялармен жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - дейді платформа авторы. 

Платформаның аты да ерекше, ол «Әлемді таны. Серік ағаймен бірге оқы» деп аталады. Платформаны пайдалану арқылы оқушылар пәндік олимпиадаларға, ҰБТ-ға дайындала алады. 

Қазіргі уақытта оған жаңартылған мазмұн бойынша елдерді тану деректері енгізілуде.

Наверх