Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Гендерlike» интернет жобасының кезекті шығарылымында әңгіме бала тәрбиесі, ұл мен қыз тәрбиесіндегі ерекшеліктер, ересек адамға кішкентай кезіндегі тәрбиенің әсер етуі, балалардың әртүрлі болып жетілуі сынды тақырыпта өрбіді.
Студия қонақтары – психолог Нұргүл Молдабайқызы мен жас ана Арайлым Белгібаева.
«ГендерLIKE» жобасы – гендерлік теңдік, әйел бақыты, нәзік жандылардың отбасы мен мансапты бірге алып жүруі, салт пен заман қарама-қайшылығы, махаббат төңірегінде тосылмай, өткір мәселелерді талқылайтын еркін алаң. Айтыла бермейтін, шағын және болмашы дүниелер де біздің назарда.
Айта кетейік, жобамыздың осыған дейінгі шығарылымында Нұр-Сұлтан қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Ерлан Пернешұлы және психолог Нұргүл Молдабайқызы талқыланған еді.