Гендерлік теңдік туралы жобаларға қатысу маңызды – Балаева

17 Қараша 2022, 16:20
926
Бөлісу:
Гендерлік теңдік туралы жобаларға қатысу маңызды – Балаева

Бұл туралы «Қазақстан дамуының жаңа сатысындағы отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат» атты халықаралық ғылыми конференцияда Аида Балаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қазақстан үшін отбасы институты – мемлекеттің маңызды тірегі және отбасы саясаты ұлттық даму стратегиясының ажырамас бөлігі.

Үкіметтің алдына жыл сайын ана мен баланы қорғау, отбасының әл-ауқаты саласындағы заңнамалық және институционалдық мүмкіндіктерді кеңейту бойынша міндеттер қойылады.

Біз үшін гендерлік теңдік саласындағы өз тәжірибемізді басқа елдердің ғылыми-сараптамалық қоғамдастығымен бөлісу, сондай-ақ бірлескен жобаларға қатысу маңызды, - деді Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы.  

Конференцияның алаңы Қазақстан, Чехия, Швейцария, Үндістан және АҚШ ғалымдары мен сарапшыларын, сондай-ақ ҚР Парламенті депутаттарын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді. 

Сонымен қатар, ғалымдар мен сарапшыларды күрделі мәселелерді шешу жолдарын табуға шақырды.

Бүгінгі таңда ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен отбасының тәрбиелік рөліне, демографиялық дамуына, адамның өмір сапасына әсер ететін гендерлік теңдікке байланысты күрделі мәселелерді шешудің жолдарын табу өте маңызды, - деді Балаева. 

Конференция қорытындысы бойынша ғылыми негізделген сараптамалық талдау әзірленеді, ол Үкімет пен жергілікті басқару органдарының құрылымдарына жеткізіледі.

Айта кету керек, конференция аясында Қазақстанның соңғы үш жылдағы отбасылық және гендерлік саясат салаларының тәжірибелері ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы