Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Гегам Варданян Нижний Новгородта өткен «Ресейдің өнеркәсіптік цифрлық индустриясы» конференциясында хабарлады.
Негізгі мақсат - ЕАЭО елдерінің азаматтары үшін де, заңды тұлғалары үшін де мемлекетаралық деректер алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Атап айтқанда, өнеркәсіптік сектор үшін платформа ашық, кең болуы, интеграцияның заманауи талаптарына сай және икемділікке ие болуы керек, - деді Гегам Варданян.
Еуразиялық экономикалық одақтың аумақтық бөлінген цифрлық платформасының тұжырымдамасын әзірлеу Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарында көзделген. Платформа ұлттық сегменттер мен интеграциялық компоненттерді қамтиды. Ол трансшекаралық өзара іс-қимылдың әртүрлі түрлерін, мысалы, B2G және C2G қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп бағамдалуда.
ЕЭК министрінің сөзінше, Одақтың цифрлық платформасы еуразиялық кеңістіктегі толассыз процестер үшін байланыстырушы буын бола алады, жеке және мемлекеттік сервистерді құру және олардың өзара интеграциясы үшін база қалыптастырады, сондай-ақ, трансшекаралық цифрлық экономиканы дамытуға ықпал ететін болады. Бұл кешенді түрде Одаққа мүше мемлекеттерде цифрландыру деңгейін теңестіруге айтарлықтай әсер етеді.
«Модульдік өнеркәсіптік платформа өнеркәсіпті трансформациялау және әзірлеушілердің күш-жігерін оңтайландыру құралы ретінде» сессия үздік құзыреттер мен практиканы біріктіретін Бірыңғай ұлттық цифрлық өнеркәсіптік платформа құру мүмкіндігіне арналды.