Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Мұнай өндірісі саласында еліміздің үш негізгі кен орындарында ірі жобалар іске асырылып жатыр. Теңіз кен орнында келешекте кеңейту жобасы жүзеге асырылады. Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын 2023 жылы аяқтау көзделген. Жалпы, келешекте кеңейту жобасын 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Ол жұмыс мұнайды жылына 12 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік бермек. Жұмыстардың жалпы ілгерілеу - 96 пайыз, - деді Болат Ақшолақов.
Ақшолақовтың айтуынша, Қарашығанақ кен орнында өткен жылы төртінші газды кері айдау жүйесі іске қосылды.
Бесінші компрессорды салу басталды оның құны - 1 млрд доллар. Сонымен қатар 375 млн доллар сомасына алтыншы компрессорды салу жоспары түпкілікті қабылданды. Бұл жобалар кен орындарда өндіруді жылына 10-11 млн тонна деңгейіне ұстап тұруға бағытталған. Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд текше метр ілеспе газды қайта өңдеу бойынша жобаны іске асыру басталды, - деп мәлімдеді министр.
Сондай-ақ министр биылғы жылға міндет – Қашағандағы қуаты 2-ден 6 млрд текше метр газға дейін (2А-2Б фазасы) Газ өңдеу зауытының құрылысын жобалау бойынша тұжырымдамалық шешім қабылдау екенін атап өтті.