Газадағы әйелдер өте нашар санитарлық жағдайда босануға мәжбүр. Бұл туралы БҰҰ Балалар қоры, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігі (UNRWA) бірлескен мәлімдемесінде айтылған.
Дүниежүзілік ұйымның хабарлауынша, Израиль армиясының (IDF) шабулының кесірінен Газадағы жүкті әйелдерге қиранған үйлерде немесе тіпті көшеде қалып отыр.
Қазіргі таңда медициналық мекемелерде жүрудің өзі қауіпті, мәселен 1 қарашада Аль-Хило ауруханасының зымыран түсіп, көптеген адам зардап шекті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауы бойынша, Газада қазір 50 000 жүкті әйел бар, олардың 180-нің босанатын уақытында. 3 қарашадағы жағдай бойынша Газа секторында 2326 әйел мен 3760 бала қаза тапты, бұл барлық қаза тапқандардың 67 пайызы.