Газада 34 мыңға жуық палестиналық қаза тапты

17 Сәуір 2024, 23:47
519
Бөлісу:
Газада 34 мыңға жуық палестиналық қаза тапты
Фото: russian.news.cn

Газа секторында израильдық тараптан жасалып жатқан шабуылдар салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 33 899 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, соңғы тәулікте 56 палестиналық ажал құшып, 89-ы жараланған. Ал Израиль мен ХАМАС арасында қақтығыс басталғалы бері 33899 адам қаза тауып, 76664 адам жарақат алды.

Белгілі болғандай, қатты бомбалау мен құтқару бригадаларының жеткіліксіздігі себепті құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін.

Израильдық әскердің өкілі Авихай Адраи Х әлеуметтік желісінде соңғы тәулікте әскери ұшақтар бүкіл Газадағы 40-тан астам «террорлық» нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді.

2023 жылы 7 қазанда Израиль Газа секторындағы ХАМАС-қа қарсы кең ауқымдағы шабуылды бастаған. Мұны олар 1200-дей адам қаза тауып, 200 адам тұтқынға алынған Израильдің оңтүстік шекарасындағы шабуылға жауап деп атады.

Өзгелердің жаңалығы