Газа секторында жоғалып кеткен балалар саны 21 мыңға дейін жетуі мүмкін

26 Маусым 2024, 04:20
265
Бөлісу:
Газа секторында жоғалып кеткен балалар саны 21 мыңға дейін жетуі мүмкін
Фото: stopwar.org.uk

"Балаларды құтқару" гуманитарлық көмек беру тобы Израиль мен Хамас арасындағы соғыс салдарынан Газа секторында хабар-ошарсыз кеткен немесе отбасынан ажыраған балалар саны 21 мыңға дейін жетуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC News-ке сілтеме жасап.

БҰҰ-ның деректеріне сәйкес, бұл ұйым 1953 жылдан бері өңірдегі палестиналық балаларға қолдау көрсететін ұйым. Ал ұйымның мәліметінше, 17 мың бала отбасынан ажырап, қараусыз қалса, тағы 4 мың бала үйінді астында қалған.

Хабар-ошарсыз кеткен балалар өкінішке қарай күрделі қатермен бетпе-бет келеді және олар табылуға тиіс. Оларды қорғап, отбасыларымен табыстыру керек. Өлтірілген балалар үшін: олардың өлімі ресми түрде аталып өтіліп, отбасыларына ақпарат беріліп, жерлеу рәсімі сақталуы қажет. Ал кінәлілер жауапқа тартылсын, - деп атап өтті Қиыр Шығыстағы "Балаларды құтқару" ұйымының өңірлік директоры Джереми Стоунер.

БҰҰ Жоғары комиссары басқармасының деректеріне сүйенсек, 2023 жылғы 7 қазанда соғыс басталғалы бері Газа секторында 15 мыңдай бала өлтірілген.

Өзгелердің жаңалығы