Al Jazeera телеарнасының мәліметінше, Газа секторына жасалған соққыдан тағы төрт журналист қаза тапты. Бұл туралы IRNA-ға сілтеме жасай отырып BAQ.KZ хабарлайды.
Көз жұмғандар: Нур Кандил, Азиз Аль-Хаджар, Абдуррахман Аль-Абадила және Халед Абу Сейф.
Телеарна дерегінше, соққы Израиль тарапынан жасалған. Жалпы, қақтығыс барысында қаза тапқан БАҚ өкілдерінің саны өсіп келеді.