Газа секторында шабуылдаған 126 Израиль әскері көз жұмған

18 Желтоқсан 2023, 14:18
589
Бөлісу:
Газа секторында шабуылдаған 126 Израиль әскері көз жұмған

Газа секторында қаза тапқан Израиль әскерлерінің жалпы саны 126-ға жетті. Times of Israel басылымы осылай деп жазды.

БАҚ-тың дерегінше, Газа секторындағы ұрыста тағы төрт сарбаз ажал құшты.

Нәтижесінде Хамасқа қарсы құрлық шабуылы кезінде қаза тапқан сарбаздар саны 126-ға жетті, - деді Израиль әскери күштері.

Бір күн бұрын 17 желтоқсанда Израиль билігі мен палестиналық Хамас қозғалысы Газа секторындағы бітімгершілікті қалпына келтіруге дайын екендігін білдірді. Қазіргі таңда екі тарап арасында жаңа келісім бойынша бірқатар келіспеушілік бар.

Өзгелердің жаңалығы