Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу қиындады

15 Қараша 2023, 09:11
417
Бөлісу:
Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу қиындады

Газа секторында гуманитарлық көмек жеткізу ісіне қауіп төнді. Өйткені аймақта жанармай жетіспей жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

БҰҰ-ның Палестинадағы Гуманитарлық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы осылай деп дабыл қақты. Қазірдің өзінде жергілікті телекомуникациялық компанияның бірі соңғы 2 күннің ішінде қосымша жанармай жеткізілмесе, Газа секторында байланыс біржола үзілетінін ескерткен. Бұдан басқа дәрі-дәрмек те тапшы. Осының кесірінен соңғы күндері ауруханада жатқан науқастар арасында өлім-жітім көбейген.

Газа секторында жанармай мен дәрі-дәрмек таусылудың аз-ақ алдында тұр. Біз ауруханаларда науқастар өліп жатқанын естіп жатырмыз. Оның үстіне ауызсу мен азық-түлік жетпей, халық қатты қиналып жатыр, - деді БҰҰ-ның Палестинадағы гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасының басшысы Андреа Де Доменико.

Өзгелердің жаңалығы