Газ хабын қалыптастыру: Қазақстанның транзиттік әлеуеті артып келеді

Қазақстан бұл бағыттағы бастамаларды өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті күшейту мақсатында жүйелі түрде қолдап келеді.

 Энергетика министрлігі Бүгiн 2026, 08:54
Бүгiн 2026, 08:54
222
Фото: Энергетика министрлігі

Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі маңызды энергетикалық және логистикалық орталық ретіндегі орнын нығайтып келеді. Бұл бағытта Ресей Федерациясымен газ саласындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің негізгі тетіктерінің біріне айналды.

Қазіргі таңда өзара іс-қимыл тек ресми келісімдермен шектелмей, энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, көмірсутек өңдеу көлемін ұлғайтуға және экспорттық-транзиттік мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталып отыр. Қазақстан бұл бағыттағы бастамаларды өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті күшейту мақсатында жүйелі түрде қолдап келеді.

Газ тасымалдау жүйесін жаңғырту – ынтымақтастықтың басты басымдықтарының бірі. Географиялық орналасуы мен инфрақұрылымдық әлеуетінің арқасында Қазақстан ресейлік табиғи газды Өзбекстан мен Қырғызстанға жеткізуде маңызды транзиттік рөл атқарады. Сонымен қатар ел аумағы арқылы Ресей бағытына кері транзит те жүзеге асырылып келеді. Мұндай көпвекторлы бағыт Қазақстанның газ құбырларын аймақтағы маңызды энергетикалық артериялардың біріне айналдырып отыр.

Стратегиялық маңызы жоғары тағы бір жоба – Қарашығанақ кен орнынан өндірілетін шикі газды Ресейдегі Орынбор газ өңдеу зауытында өңдеу. Көпжылдық өндірістік кооперация екі ел экономикасына да тиімді нәтиже беріп, газ саласындағы технологиялық ықпалдастықты күшейтуде.

Сарапшылардың пікірінше, сенімді логистикалық бағыттарды дамыту мен инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңғырту Қазақстанның энергетикалық стратегиясындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Мұндай тәсіл ел экономикасына қосымша табыс әкеліп қана қоймай, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға және Қазақстан аумағында өңірлік газ хабын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Наверх