Газ баллондарын бензин құятын станцияларда толтыру - заңға қайшы

12 Қараша 2024, 10:21
620
Бөлісу:
Газ баллондарын бензин құятын станцияларда толтыру - заңға қайшы
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өрттің көбіне неден шығатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Статистикаға сүйенетін болсақ, өрттің және өрттегі адам өлімінің негізгі себептері – жылыту жүйелерінің істен шығуынан. Атап айтатын болсақ, пеш конструкциясындағы ақау, олар негізінен халықтың әлеуметтік осал санатындағы үйлерге (көп балалы отбасылар, мүгедектер, жалғызбасты қарттар және әлеуметтік жағдайы төмен адамдар) тиесілі. Көбіне осы санатта балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру себебінен, балалардың топтық өлімі болып жатады.  Осындай оқиғаның бірі, Жітіқара қаласында 11 қазанда болды, нәтижесінде өрт салдарынан үйде қараусыз қалған бес бала қаза тапты, - деді Әрінов үкімет отырысында.

Аталған фактілерді ескере келе, әлеуметтік осал топтарды министрлік өзінің ерекше бақылауында ұстауда.

Бүгінде есепте тұрған жүз мыңнан астам үй бар. Олардың барлығына әкімдіктермен және еріктілермен бірлесіп атаулы көмектер көрсетіледі, өрт датчиктері орнатылып, жылу беру жүйелеріне мүмкіндігінше тазалау және жөндеу жұмыстары жүргізіледі (еск - 3 мыңнан аса үй). Нақтырақ айтқанда, 2021 жылдан бері 107 мыңнан астам датчик орнатылды, олар адамды улы газдан болатын қауіп туралы алдын ала ескерту мүмкіндігін береді. Өрт датчиктерінің іске қосылған 55 жағдайы тіркеліп, соның арқасында 248 адамның өмірі аман қалды, - дейді министр.

Министрдің сөзінше, тұрмыстық газды дұрыс қолданбау салдарынан өрт болуы мүмкін.

Қазір халық газ баллондарды автомобильге жанар-жағармай құю станцияларынан толтырады, ол заңға қайшы келеді. Ал ол баллондардың басым бөлігі пайдаға жарамсыз. Біздің есебіміз бойынша 348 мың газбаллон ауыстыруды талап етеді. Осы орайда, әкімдіктердің жанындағы тұрғын үй комиссиялары тұрмыстық және коммуналдық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерінің сақталуына бақылау жасауды күшейтуі қажет, - деді Әрінов.

Өзгелердің жаңалығы