Газ бағасының дауы. Әкімдік пен министрлік жауап берді

2 Қаңтар 2022, 17:07
2510
Бөлісу:
Газ бағасының дауы. Әкімдік пен министрлік жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы әкімдігі мен Энергетика министрлігі автогаз қымбаттағанына наразылық білдірген Жаңаөзен халқына жауап берді.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Облыста 1973 жылдан бастап газ өндіретін жалғыз кәсіпорын - Қазақ газ өңдеу зауыты. Ол айына 14,5 мың тонна сұйытылған газ өндіреді. Алайда облыстың тұтыну көлемі 18 мың тонна болғандықтан, зауыт өңірдің қажеттілігін толық өтей алмайды. Сондықтан облыстан қосымша 3,5 мың тонна газ жеткізіледі, - деді Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев.

Оның айтуынша, бұл мәселе зауыттағы жабдықтардың тозуына да байланысты болып отыр. Ол 90 пайызға жетіп отыр. 

Шұғыл шаралар қолданылмаса, болашақта зауыт тоқтап, сұйытылған газ тапшылығы болады. Сұйытылған газды нарық бағасына сату мүмкіндік беретін жаңа зауыт салу жоспарланып отыр, - деп түсіндірді Қартбаев.

Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев газ қымбаттауына қатысты пікір білдіріп, республика бойынша газдың орташа бағасы литріне 110 теңге, көршілес Атырау облысында 115 теңге, Оралда 120 теңге екенін мәлімдеді.

Қазір облыс бойынша соңғы тұтынушыға дейін газ бағасы 95-тен 115 теңгеге дейін өзгеріп тұр. 60 теңге мөлшеріндегі бұрынғы баға енді болмайды, өйткені қазір биржадағы газ бағасы - тасымалдау мен кәсіпкердің шығындарын есепке алмағанда, литріне 70-85 теңге. Әкімдік газ бағасын реттемейді, өйткені бұл тауар бәсекелестік нарыққа жатады, - деп түсіндірді ол.

Энергетика министрлігі сұраныс артуына байланысты газ қымбаттап жатқанын түсіндірді. 

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап сұйытылған мұнай газы сауда-саттығының тауар биржалары арқылы 100 пайызға ауысуы жүзеге асырылды. Электрон сауда-саттық арқылы газ сату нарықтың барлық қатысушысы үшін тең жағдай қалыптастырады және қажет газ көлемін тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді министрлік өкілі.

Ведомствода Қазақстанда сұйытылған мұнай газын тұтыну жыл сайын артып жатқаны, ал өндіріс көлемі кейінгі жылдардағы деңгейде қалып отырғаны айтылды.

Электрон саудаға көшу сұраныс пен ұсыныс негізінде газға бағаны теңестіруге, инвестициялар тартатын жаңа өндірістік қуат құруға мүмкіндік береді. Нарық механизмдері бәсекелестіктің дамуына оң әсер етеді. Электрон сауда-саттыққа көшкенге дейін сұйытылған мұнай газының бағасы өндірушілер үшін шығынға алып келді, өйткені ол өзіндік құнынан төмен бағада болды, - деді министрлік өкілі.

Өзгелердің жаңалығы