Газ бағасын негізсіз көтерген компанияларға қатысты тергеу басталды

7 Қаңтар 2022, 09:50
1030
Бөлісу:
Газ бағасын негізсіз көтерген компанияларға қатысты тергеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елде сұйытылған газ бағасын көпе-көрнеу көтергендерге қатысты тергеу басталды. Бұл туралы ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Газ бағасын негізсіз көтерген компаниялардың қатарында «Қазмұнайгаз», «Petrosun», «Ақтөбемұнайгаз», «Қазгермұнай», «Қазақойл Ақтөбе» және «ҚазГӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар. Олар электронды сауда кезінде бағаны шамадан тыс өсіргені анықталды.

Тергеудің алдын ала қорытындысы 20 күн ішінде белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздегі газ бағасының шекті мөлшерін жариялаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы