Гауһар ана кесенесіне келушілерге арналған сапар орталығының құрылысы басталды

8 Ақпан 2022, 08:54
2154
Бөлісу:
Гауһар ана кесенесіне келушілерге арналған сапар орталығының құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гауһар ана кесенесіне келушілерге арналған сапар орталығының құрылысы басталды.

Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлады.

Гауһар ана кесенесіне келушілерге арналған сапар орталығы 1,25 га аумақты қамтиды. Құрылыс аумағы -  683,68 шаршы метр, көгалдандыру аумағы  - 8758,27 метр.

Гауһар ана кесенесіне келушілер мен туристерге қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынған сапар орталығында ақпараттық орталық, қонақ үй, автотұрақ қарастырылған. Құрылыс мерзімі 6 айға жоспарланған.

Гауһар ана кесенесіне келушілерге арналған сапар орталығының құрылысы басталды

Гауһар ана кесенесі - Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, Түркістан-Шәуілдір тас жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан.

ХІІ ғасырда өмір сүрген ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гауһар ананың кесенесі тарихи архитектуралық құнды ескерткіштердің бірі ретінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің тізіміне алынған. Гауһар ана кесенесіне зияраттап келушілердің қатары мол. Қасиетті де тарихи орынға тек Қазақстан ғана емес Өзбекстан, Түркия,Қырғызстан сынды көптеген елден туристер келіп, әзіз ананың басына тағзым етеді.

Өзгелердің жаңалығы