Францияның ең ірі мұражайы Луврдың жаңа директоры болып өнертанушы Кристоф Лерибо тағайындалды. Ол өз орнына Лоранс де Кар қызметтен кеткен соң келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
62 жастағы Лерибо бұған дейін Версаль сарайы мен Париждегі Музей Орсе-ны басқарған. Франция мәдениет министрлігінің мәлімдеуінше, жаңа директордың басты міндеттері – музейдің қауіпсіздігін күшейту және инфрақұрылымын жаңарту. Бұған дейін президент Эммануэль Макрон Луврді қайта жаңғырту жоспарын таныстырған, оның құны шамамен 800 млн евро.
Лоранс де Кардың отставкасы 2025 жылғы қазан айында жасалған француз корольдік регалияларын ұрлау оқиғасынан кейінгі сындардан соң орын алды. Ұрлық кезінде шамамен 88 млн еуро номиналды құны бар, бірақ тарихи мәні әлдеқайда жоғары заттар ұрланған. Тергеу қоғамдық резонанс туғызып, парламенттік комиссия басқару саласындағы бірнеше кемшіліктерді атап көрсетті.
Сондай-ақ мұражай осы оқиғадан кейін басқа проблемаларымен де назарда болды – төбеден су кету, ереуілдер және билеттерді сату кезінде мүмкін заң бұзушылықтар. Жаңа директорға мұражайдың беделін қалпына келтіру және оны жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру міндеттелген.