Ғасыр куәгерлері дауыс берді

11 Қаңтар 2021, 00:43
2156
Бөлісу:
Ғасыр куәгерлері дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысына қарасты Маңғыстау ауданында тұратын ғасыр жасаған қос қария да бүгін өз таңдауларын жасады.

104 жастағы Қанзия Сақауова Шетпе ауылында тұрады. Ол үйінде отырып дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Арнайы қорғаныш киімдерін киген учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері жылжымалы жәшікпен әжейдің үйіне барды.

Жастайынан колхоз, совхоздың жұмысына араласып, елге қызмет еткен ол, бұл жасында да елге пайдам тисе дейді.

Ал, бірер күн бұрын 100 жылдық мерейтойын тойлаған Жыңғылды ауылының тұрғыны Ақілгек Құлбарақова менің таңдауым-бейбітшілік дейді.

Екі ғасырдың куәсі болған әжейден де дауыс үйіне барып алынды. Жүз жасаған екі ана да тыл ардагері, бірнеше ұл-қызды өмірге әкелген алтын құрсақты аналар.

Мәселен, Ақілгек ананың етегінен өрген тоғыз баладан бүгінде 48 немере, 113 шөбере, 6 шөпшегі бар.

Ал, Қанзия әженің 17 немересі, 34 шөбересі, 12 шөпшегі бар.

Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында тұратын 104 жастағы қария да өз таңдауын жасағаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы