Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан Республикасының алғашқы Премьер-министрі, Әзербайжанның Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі Гасан Гасанов қазақ мемлекеттілігінің тарихы мыңжылдықтардан бастау алады деп санайды.
Бұл туралы ол Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» халықаралық конференциясында айтты.
Қазақ халқының және оның мемлекеттілігінің тарихи тамыры мыңжылдықтардан, нақтылап айтқанда, сақ-скиф дәуірінен бастау алады. Бұл даусыз дерекке Страбон, Геродот, тағы басқа да көне заманғы авторлардың еңбектеріндегі мәліметтер айқын айғақ бола алады, – деп атап өтті ол.
Айта кету керек, онлайн-оффлайн режимде өткен шараға 20-дан астам мемлекеттен ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ, түркі елдерінің бірқатар ресми тұлғалары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.