Ғарыштық мониторинг жобасы Жетісудың ауыл шаруашылығы үшін тиімді болмақ

30 Шілде 2022, 16:16
1992
Бөлісу:
Ғарыштық мониторинг жобасы Жетісудың ауыл шаруашылығы үшін тиімді болмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғарыштық мониторинг – егістік алқаптарын, ормандағы өрт қаупін, заңсыз құрылысты анықтауда таптырмас жүйе. Тіпті белгіленбеген қоқыс орындарын да көрсетіп береді. Яғни, қалыптасқан жағдайға байланысты арнайы карталарды әзірлеп, оны күнделікті бақылап отыруға мүмкіндік жасайды.

«Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Шүленбаевтың мәлімдеуінше, геопорталды пайдалану тегін. Толық мағлұмат алуға бар жағдай қарастырылған. Жобаның тиімді тұстары туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың кездесуінде айтылды. 

Ғарыштық мониторинг дәл қазіргі сәтте бізге керек. Әсіресе, су және орман ресурстарын, жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығы жерлерінің жай-күйін бақылауға алуда аса маңызды. Тиісті сала басшылары осы жүйені жұмыс барысында тиімді қолдануларына болады, - деді облыс басшысы Бейбіт Исабаев.

Өзгелердің жаңалығы