Ғарыштан бақылау елге не беріп жатыр?

26 Шілде 2023, 16:12
715
Бөлісу:
Ғарыштан бақылау елге не беріп жатыр?
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Қазақстанның экономикасының салаларына арналған ғарыштық мониторингке қатысты баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің басшысы Баубек Оралмағамбетов орбитада жұмыс істейтін ҚР ЖҚЗ ғарыш жүйесінің ағымдағы жағдайы туралы ақпаратпен таныстырды. Ол сондай-ақ Қазақстан қазір ел экономикасының барлық салалары үшін ғарыштық технологиялар нәтижелерін қолданудың белсенді сатысында тұрғанын атап өтті.

Ғарыштық мониторинг тетігінің басты ерекшелігі – нақтылығында, сондай-ақ, барлық ұсынылатын деректер нәтижелермен бірге талдау жүргізілетін бастапқы деректер ұсынылғандықтан, пайдаланушылар тарапынан қайта тексеру үшін қолжетімді, - деді ол.

Ғарыштан бақылау елге не беріп жатыр?

Сонымен қатар, Аэроғарыш комитетінің төрағасы 2022-2023 жылдарға арналған ғарыштық мониторинг нәтижелері туралы баяндады.

Қазақстан бойынша 2022 жылы 5683 рұқсат етілмеген қоқыс объектілері анықталған, олардың ішінде жойылғаны – 4331. 2023 жылдың 1-жартыжылдығында 3060 рұқсат етілмеген қалдық объектілері анықталды, олардың ішінде жойылғаны – 716, - деп атады Оралмағамбетов.

Ғарыштан бақылау елге не беріп жатыр?

Брифингте «JerInSpectr» цифрлық платформасы туралы да айтылды.

«JerInSpectr» платформасы ауыл шаруашылығы жерлерінің мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін іске қосылды. Пайдаланылмай жатқан жер телімдері бойынша заң бұзушылықтар, заңға сәйкес тиісті шараларды қабылдау үшін, жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық департаменттерге жіберіледі, - деді ол.

Сонымен қатар, Аэроғарыш комитеті төрағасының айтуынша, орбитада жұмыс істеп тұрған спутниктерді ауыстыру жобасы басталды. 

Атап айтқанда, орташа ажыратымдылықтағы «KazEOSat-MR» ЖҚЗ спутниктерінің топтамасын құру Қазақстанның кез келген аумағын, күніне, кемінде 1 рет түсіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы