Ғарышқа алғашқы туристік рейс жіберілді

10 Сәуір 2022, 18:42
2317
Бөлісу:
Ғарышқа алғашқы туристік рейс жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. SpaceX Халықаралық Ғарыш агенттігіне адамзат тарихында алғаш рет туристік рейс жіберді, деп хабарлады АҚШ басылымдары.

Crew Dragon кемесіне орнатылған Falcon 9 зымыраны Флорида штатының Канаверал мүйісіндегі космодромнан ұшырылған. Экипаж құрамында бұрын НАСА-да істеген астронавт Майкл Лопес-Алегриа және америкалық кәсіпкер, канадалық инвестор мен израильдік бизнесмен бар.

Ғарышқа барып-қайту және халықаралық станцияда болатын 8 күн үшін аталған 3 жолаушы 55 миллион доллардан төледі. Туристер Жерге 19 сәуірде оралуға тиіс.

Өзгелердің жаңалығы