Ғарышкерлер ғарышта өсірілген шалғамды жинап алды

8 Желтоқсан 2020, 14:20
1651
Бөлісу:
Ғарышкерлер ғарышта өсірілген шалғамды жинап алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық ғарыш станциясында астронавттар ғарышта өсірілген алғашқы шалғам өнімін жинады. Бұл туралы NASA хабарлады, деп жазды Хабр24.

Ғарышкер Кейт Рубинс алғашқы өнімді 30 қарашада жинап алған. Ол 20 өсімдіктің әрқайсысын фольгаға орап, тоңазытқышқа қойды. Кейіннен оларды зерттеу үшін жерге алып келеді. Бұл ғарышкерлерге Ай мен Марсты тереңірек зерттеуге көмектеспек. 

Тәжірибе Plant Habitat-02 (PH-02) деп аталады. Оның барысында NASA алғаш рет планетамыздың орбитасында шалғам өсірді. 

Өзгелердің жаңалығы