Гарри ханзада мен Меган Маркл Букингем сарайын тастап кетпек

9 Қаңтар 2020, 16:53
2049
Бөлісу:
Гарри ханзада мен Меган Маркл Букингем сарайын тастап кетпек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британ патшайымы немересі Гарри мен оның жұбайының корольдік отбасы мүшелеріне тиесілі өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне наразы, деп хабарлады The Sun.

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II немересі Гарри мен оның жұбайы Меган Марклдың корольдік отбасына берілетін уәкілеттіктен бас тартып, қаржылық жағынан тәуелсіз болуы туралы шешіміне қапаланды. 

Дереккөздерде көрсетілген мәліметтерге сәйкес, бұл протоколдың тікелей бұзылуы саналады, себебі корольдік жұптың бұл шешімі ешкіммен келісілмеген. 

Кейіннен белгілі болғандай, бұндай хабарды естіген Елизавета II, оның жұбайы Уэльс ханзадасы Чарльз, немересі Кембридж герцогі Уильям да ашуға булыққан көрінеді.

Айта кетейік, 8 қаңтарда Гарри ханзада мен Меган Маркл корольдік отбасы мүшелерінің міндеттерінен бас тартып, Букингем сарайынан қаржылық тәуелсіздік алғылары келетіні туралы айтқан.

Сассекс герцогі мен герцогинясы қайырымдылықпен айналысатын жеке ұйым ашуды көздеп отыр. Сондай-ақ, олар тек Ұлыбританияда емес АҚШ-та да тұру жоспарларында бар екен.


 

Өзгелердің жаңалығы