Ғани Бейсембаев: Директорлардың еңбекақысын көтеру бойынша жұмыстар жүргізіледі

12 Қаңтар 2023, 11:26
620
Бөлісу:
Ғани Бейсембаев: Директорлардың еңбекақысын көтеру бойынша жұмыстар жүргізіледі

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ғани Бейсембаев биыл қандай жұмыстар жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент кадрлық резервіне ұқсас келешек білім беру ұйымдарының басшыларына кандидаттардың Республикалық дерекқоры құрылады. Бұл шара білім беру ұйымдарын білікті басшылармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - дейді министр.

Сонымен қатар өңірлердегі педагогикалық кадрлардың тапшылығын жою үшін жұмыс істейтін пән мұғалімдерінің деректер базасы құрылады.

Онымен қоса, білім беру ұйымдары басшыларының еңбекақысын көтеру бойынша жұмыстар жүргізіледі, - деп айтты Оқу-ағарту министрі кеңейтілген алқа отырысында.

Бұған дейін педагогтердің жалақысы 25%-ға өскенін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы