Ғани Бейсембаев Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды

18 Наурыз 2022, 10:27
2568
Бөлісу:
Ғани Бейсембаев Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғани Бектайұлы Бейсембаев Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды, - делінген баспасөз хабарламасында.

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған. 

1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі. 

1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 

1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры. 

1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі. 

2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы. 

2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры. 

2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры. 

2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры. 

2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды. 

2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.

Өзгелердің жаңалығы