Ғани Бейсембаев: Балалардың қауіпсіздігін сақтау - басты міндетіміз

14 Ақпан 2023, 19:21
995
Бөлісу:
Ғани Бейсембаев: Балалардың қауіпсіздігін сақтау - басты міндетіміз
Фото: Үкімет

Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелерін талқылап, шұғыл кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ,KZ тілшісі.

Ведомство Петропавл қаласындағы №4 мектепте болған төтенше жағдайға байланысты кеңес өткізді. Жиында білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Бұл жағдай білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жүйелі мәселелерді үнемі басты назарда ұстап отыру қажеттігін көрсетіп отыр. Балалардың қауіпсіздігін сақтау - барлығымыздың басты міндетіміз, - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Министр әріптестеріне білім мекемелеріндегі қауіпсіздікті барынша қамтамасыз етуде шұғыл әрі тиімді жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.

Бүгін Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті арттыру мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне білім басқармаларымен бірлесіп, биылдың 20 ақпаны мен 17 наурызы аралығында республикадағы барлық оқу орнының кешенді қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етілуіне мұқият мониторинг жүргізілсін. Осы маңызды мәселеде өзара әрекеттесудің тиімді тетіктері әзірленсін. 20 наурызға дейін атқарылған жұмыстардың қорытындысы баяндалсын, - деп тапсырма берді Ғани Бейсембаев кеңесте.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға білім беру ұйымдарын турникеттермен, дабыл түймесімен, лицензиясы бар күзетпен, ішкі істер органдарының Жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылаумен толық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Білім беру объектілерінің кіру тобына бақылауды күшейту қажеттігін айтты.

Орта білім комитеті білім алушылар үшін арнайы қауіпсіздік сабақтарының циклі әзірлесін, өңірлердің білім басқармаларына Полиция департаменттері және Төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп осы сабақтардың өткізілуін қамтамасыз етсін. Бүгінгі айтылған мәселелерді ерекше бақылауға алуды сұраймын. Біздің ең басты міндетіміз – сапалы біліммен қатар, балалардың  қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету, - деп сөзін қорытындылады министр.

Кеше, яғни 13 ақпанда Петропавлдағы №4 орта мектептің оқушысы мектепкеасхана  балтасымен келіп, үш оқушыны жарақаттады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев оқиғаның мән-жайын айтты.

Сонымен бірге Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Петропавл мектебіндегі жағдайдың күрделі екенін айтып, министрліктерге тапсырма берген болатын

Өзгелердің жаңалығы