Ғалымжан Пірматов: 2023 жылы инфляциялық процестер баяулайды

10 Қараша 2022, 10:23
1032
Бөлісу:
Ғалымжан Пірматов: 2023 жылы инфляциялық процестер баяулайды

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, орталық банктер инфляциямен күресу жолында мөлшерлемені көтерудің синхронды циклін жүргізіп жатыр. 

Себебі экономиканың орнықты өсуі үшін бағалардың тұрақты әрі төмен болғаны маңызды. Осы шаралар баға қысымын төмендетуге, инфляцияны нысаналы деңгейге қайтаруға және жылдар бойы қалыптасқан халықтың сенімін жоғалтпау үшін инфляциялық күтулерді бақылауға бағытталды. Жоғары құбылмалылық пен белгісіздіктің орын алуы 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, оның ішінде ақша-кредит саясаты мен төлем балансының көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етуде. Экономиканы фискалдық ынталандыру аясында инфляциялық күтулердің артуына байланысты және азық-түлік пен шикізат бағасының жалпы әлемдік өсуінен Қазақстанда да инфляция қарқын алып келеді. Қазан айының қорытындысы бойынша инфляция 18,8%-ға жетті, - деді Ұлттық банк төрағасы. 

Сондай-ақ ол инфляция өсуін жалғастырады деп отыр. 

Біздің болжамымыз бойынша, сыртқы инфляцияның ішкі бағаларға әсеріне, инфляциялық күтулердің миграциялық шок салдарынан артуына байланысты инфляция өсуін жалғастырады. Жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатын ескере отырып, сыртқы инфляциялық қысымның болжамды төмендеуіне байланысты 2023 жылы инфляциялық процестер баяулайды деп күтіледі. Шикізат бағасының жоғары болуына байланысты 2022 жылы төлем балансының ағымдағы шоты профициттік аймаққа ауысады деген болжам бар. Бұл жағдай мұнайға, металл, уран мен дәнді дақылдарға деген әлемдік бағалардың жоғары болуына байланысты тауар экспортының өсуі есебінен 2023 жылы да сақталады. Тауар импорты жоғары сұраныс пен фискалдық шығыстар аясында жоғары деңгейде қалады, - деді Ғалымжан Пірматов. 

Өзгелердің жаңалығы