Ғалымжан Өтелбайұлы: Президент болашақ үшін нақты қадамдарды айқындап берді

18 Ақпан 2022, 12:51
3389
Бөлісу:
Ғалымжан Өтелбайұлы: Президент болашақ үшін нақты қадамдарды айқындап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақ әуендері» АҚ Президенті Ғалымжан Өтелбайұлы айтты. 

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан» ұлттық арнасында берген сұхбатын мұқият қарап шықтым. Журналист тарапынан елдің көкейінде жүрген түйткілді сұрақтар қойылды. Сұхбат барысында Мемлекет басшысының барлық ақпарат құралдарына шолу жасап отыратынын, әлеуметтік желілердегі пікір туғызатын пікірлерге бақылау жасап отыратынын, елдегі кез келген оқиғалардан хабардар екенін аңғардық. Билік пен халық арасындағы жақындау үдерісінің өте жылдам орын алғанын көрсетті, - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар ол сұхбатта қандай маңызды нәрселер көтерілгеніне тоқталды. 

Екіншіден, бәрін елеңдетіп отырған «Қаңтар оқиғасына» байланысты берілген жауаптар еді. Мемлекет басшысы әрі дипломат болғаннан кейін ашық айтатын мәселелері, сондай-ақ әліптің артын бағып, күтетін нәрселері болады. Ол – тергеу жұмыстары. Оны арнайы құқық қорғау органдары жасап жатыр. Қазір халық оқиғаның артында кім тұрғанына нақты жауапты сұрап отырғаны белгілі. Ал кеше Президент «Бұл алдын ала және тыңғылықты дайындалған, мемлекеттік төңкеріс жасауға бағытталған террористік топ» деді. Алдын ала дайындалған болса, бұл халықтың ішіне әбден тамырын жайған топ болып есептеледі. Ондай болса, бірді-екілі адамды ұстай салып, қорытынды жасай салмайды, - дейді Ғалымжан Өтелбайұлы. 

Сондай-ақ спикер Түркия еліндегі 2016 жылы орын алған жағдайды мысалға келтірді. Біз де қиын-қыстау кезеңде Мемлекет басшысының жанынан табылуымыз керектігін алға тартты. 

Президент халықты арандатудан қорғап қалуды мақсат тұтқан. Президенттің ақпарат таратушыларға қатысты да айтқан пікірімен келісемін. Бұрын кәсіби маман – журналистер жазған бір мақаламен-ақ билік өкілдерін орнынан алып тастай алатындай болған. Қазір халық арасында пікір тудыра алатындардың пішіні ауысты. Мұны биліктегі саяси технологтар да жақсы түсінуі керек. Түсініп те отыр деп ойлаймын. Фейкке фейкпен жауап беру деген де уақытша нәрсе. Президент ақпаратты таратқан әр азаматтың тарих алдындағы жауапкершілікті сезінуі қажет деп түсіндірді, - деді «Қазақ әуендері» АҚ Президенті. 

Өз сөзінде Ғалымжан Өтелбайұлы Мемлекет басшысы нақты қадамдарды айқындап бергенін алға тартты. 

Жалпы демократияға, халықтың өзінің сұранысына, талабына сай биліктің жұмыс жасауы қажеттігіне байланысты нақты қадамдарды көрсетті. Біз Президентке оның жасақтап жатқан жұмыскерлеріне мүмкіндік беруіміз керек, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы