Ғалымдардың жалақысына үстемақы төлеу ұсынылды

30 Қараша 2023, 11:18
515
Бөлісу:
Ғалымдардың жалақысына үстемақы төлеу ұсынылды
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов осы мәселені шешетін заң жобаларын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында Аймағамбетов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске (Салық кодексі) ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының мақсатын түсіндірді.

Бұл заң жобалары Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Жоба ғылым саласын әрі қарай дамытуға арналған.

Бұл заң жобасының ең басты жаңалығы – доцент пен профессор ғылыми атақтары бар, ғылыми зерттеулермен айналысатын ғалымдардың ай сайынғы жалақысына үстемақы төлеу туралы норма ұсынылып отыр. Ғалымдар осы норманы асыға күтіп отыр. Оған қоса ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру сияқты бастамалар үшін арнайы салықтық және инвестициялық преференциялар да қарастырылып отыр, - деді депутат.

Мәжіліс депутаттары заң жобаларын дауысқа салып, қорытынды әзірлеу үшін жұмысқа алды.

Өзгелердің жаңалығы