А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы орталығының ғалымдары сұлы селекциясы бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ғалымдар селлекциялық жұмыстардың арқасында сұлының жаңа түрі болашағынан зор үміт күттіретінін хабарлады.
Қазақстанда жыл сайын 200-ден 240 мың гектарға дейін сұлы өсіріледі, бұл ретте жалпы алымдар 280-335 мың тоннаны құрайды. Бұл санатқа пленкалы және будандастырылған холозер сорттары кіреді.
Қазіргі таңда Қазақстанда сұлы қабықшалы сорттары белсенді қолданылып, А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы орталығында холозериялық формалармен селекциялық эксперименттер жалғасуда. Жобаның басты мақсаты жаңа жоғары тиімді будандарды шығару.
2023 жылы жаздық сұлының жаңа сорты Қазақстан Республикасының сорт сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясына берілді. Жылдар бойы жүргізілген нәтижелі гибридизациялау жұмыстарының арқасында сорт жоғары агрономиялық көрсеткіштерге ие, құрғақшылыққа төзімді. Жаңа сорттың вегетациялық кезеңі небәрі 76-82 күн, ал шикі протеин мөлшері 17,38%-ды құрайды, бұл белгіленген нормадан жоғары.
Ғалымдардың айтуынша, селлекциялық жұмыстардың арқасында алдағы уақытта сұлы тұқымын көбейтіп қана қоймай, тұтынушылардың қызығушылығын арттырып, жаңа сортың сапасы жақсара бермек.