Ғалымдар құрғақшылықты жоятын технологияны сынақтан өткізіп жатыр

16 Тамыз 2023, 09:05
590
Бөлісу:
Ғалымдар құрғақшылықты жоятын технологияны сынақтан өткізіп жатыр

Әуезов университетінің ғалымдары су тапшылығы мен құрғақшылықты жоятын инновациялық технологияны сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемде 10 жылда бір рет болған құрғақшылық бүгінде 1,9 есеге артып отыр. Әрине судың тапшылығы әлемдік экономикаға орасан зор шығын әкелетіні сөзсіз. Бұл мәселеге біздің отандық ғалымдар да бей-жәй қарамайды. Өйткені су тапшылығы 2030 жылға қарай әлемдегі ең күрделі мәселелердің үштігіне қалып қоюы мүмкін.

Бүгінде М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің ғалымдары атмосфераға теріс зарядты иондарды жіберіп, ашық аспанға будақ бұлттарды жинауға болатын технологияны ұсынуда. Нәтижесінде жаңбырды қажетті мөлшерде жауғызып, климатты реттеуге мүмкіндік туады.

Қазіргі күні су тапшылығы мен құрғақшылықты жоятын инновациялық технологияны сынақтан өтуде. Мұндай технологиялар бүгінгі күні Иран, Пәкістан сынды мемлекеттердің шөлейтті аймағында қолданылып отыр.

Жоба авторларының айтуынша, климатты өзгертуге арналған технологиялық қондырғы әлем елдерінде сынақтан сәтті өткен. Иран, Пәкістан сынды мемлекеттердің шөлейтті аймағында мұндай технологиялар қолданылып отыр.

М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің профессоры, техника ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нағима Жақыпбекованың айтуынша, бүгінгі күні Армения және Грузия мемлекеттерінің профессор-ғалымдарымен бірлесіп, су көздерін цеолит қоспасымен қайта өңдеу технологиясын енгізуді жоспарланып отыр, - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан хабарламада.

Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикамыздағы су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін жиі көтеріп жүр. Бұл мәселеге біздің ғалымдардың қосып жатқан үлесі мен қызығушылығы артып келеді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл күрделі әрі стратегиялық маңызды мәселеге ерекше назар аударады.

Өзгелердің жаңалығы