Ғалымдар онкологиялық ауруларды анықтайтын құрылғы ойлап тапты

22 Наурыз 2022, 17:14
2067
Бөлісу:
Ғалымдар онкологиялық ауруларды анықтайтын құрылғы ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар кішкентай құрттардың негізінде онкологиялық ауруларды анықтауға қабілетті құрылғы ойлап тапты. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. 

Жұмыр құрттарға негізделген құрылғы обыр жасушаларын айқындай алады. Зерттеу нәтижесін Америкалық химия қауымдастығы жариялауға уәде берді. Бұған дейін зерттеушілер кейбір иттердің иіскеу арқылы адамның қаны мен зәр үлгісінен онкологияны анықтай алатындығын анықтаған болатын.

Ғалымдардың жаңа жұмысы шамамен ұзындығы 1 миллиметрді ғана құрайтын C. Elegans жұмыр құрттардың да диагностика жасай алатындығына негізделген. Құрттарды обыр жасушаларының жолына жібергенде олар өзгеше иісті сезеді деп отыр. 

Мамандар мұны назарға алып, жаңа құрылғы құру кезінде негізге алды. Бұл әдіс онкологияның ерте сатысында инвазивті емес тұрғыда обырды анықтауға жол ашады. 

Өзгелердің жаңалығы