Ғалымдар омикронның өкпеге әсері туралы айтты

2 Қаңтар 2022, 13:05
1454
Бөлісу:
Ғалымдар омикронның өкпеге әсері туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Омикрондық коронавирус штаммы басқа COVID-19 штаммдарымен салыстырғанда өкпеге зақымды әлдеқайда аз келтіретіні анықталды. Америкалық және жапондық ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша Omicron ауруының ағымы жеңілірек болады деп күтілуде.

Зерттеушілер тышқандар мен хомяктарға жүргізілген бірқатар тәжірибе нәтижесінде осындай қорытындыға келді. Омикронды жұқтырған жануарлардың ауру белгілері жеңіл болды және салмақ жоғалту ықтималдығы аз екені анықталды.

The Telegraph басылымы Оңтүстік Африкадағы Ұлттық жұқпалы аурулар институтының зерттеушілеріне және олардың Претория университетіндегі әріптестеріне сілтеме жасай отырып, коронавирустың омикрондық штаммының алдыңғылармен салыстырғанда өлім-жітім деңгейі 75 пайызға төмен екенін жазды. Көп ұзамай зерттеушілер эпидемияны тоқтатып, эндемиялық фазаға әкелетін «аурулар мен өлім-жітім көрсеткіштерінің толық бөлінуі» болады деп есептейді.

Бұған дейін Грекияның Салоникидегі Аристотель университетінің профессоры Демосфен Сарияннис коронавирустың жаңа омикрон штаммымен жұқтыру толқыны 2022 жылдың 20 ақпанында аяқталатынын айтқан. Бұл - коронавирустық инфекцияның соңғы мутациясы.

Өзгелердің жаңалығы