Ғалымдар ковидтің жаңа түріне алаңдап отыр

9 Тамыз 2023, 11:28
1103
Бөлісу:
Ғалымдар ковидтің жаңа түріне алаңдап отыр

Үндістанда Эрис деп аталатын коронавирустың жаңа түрі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Economic Times-ке сілтеме жасап.

Eris штамы (EG.5.1) – «омикронның» кіші түрі. Осы жылы шілдеде Ұлыбританияда анықталды. Соңғы уақытқа дейін штамм үлкен алаңдаушылық тудырмады, бірақ ғалымдар оның таралу жылдамдығы мен жағдайлардың көбеюіне алаңдайды.

Бұған дейін әлемде пандемияның қайталану қаупі бар екенін жазған едік. Сонымен қатар Астана қаласының коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сарқыт Бейсенова А вирустық гепатитіне қарсы екпе алуға шақырған болатын.

Саяжан Құдайберген 

Өзгелердің жаңалығы