Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар 50 жастан асқан жандар үшін кофенің ешкім білмейтін пайдасын анықтады. Олардың айтуынша, күніне екі кесе кофе ішу денсаулыққа пайдалы деп жазады Lenta.ru.
Австралиядағы Бейкер атындағы жүрек және диабет институтының ғалымдары кофені күнделікті ішетін сусын ретінде тұтыну 50 жастан асқандар үшін пайдалы деп отыр. Зерттеушілер бірнеше шыныаяқ кофені күн сайын ішу жүрек бұлшықетінің жұмысын жақсартады деп отыр.
Күніне 3 кесе кофе ішкен 50 жастан асқандарда жүрек ауруының даму қаупі 10-15%-ға азаяды, - деп атап өтті мамандар.
Одан басқа, сарапшылар кофе жүрек аурулары барларға оң ықпал етеді деген тұжырымға келді. Бұл жағдайда сусын ерте өлім-жітім қатерін төмендететін көрінеді.
Бұған дейін әлем ғалымдары кофені назар жеткіліксіздігі мен гипербелсенділік синдромы сынды психикалық ауытқушылықтарды емдеу кезінде қолдану пайдалы екендігін анықтаған болатын. Мамандар кофеинді ересектер мен жасөспірімдерге ем ретінде қолдану назар аударудың көбейіп, зейін мен ынтаны жақсартып, ал кейде жағдайда есте сақтау қабілетін шыңдайтынын айтқан еді.