Ғалымдар ғарышкерлердің көбінесе қай аурудан көз жұматынын анықтады

27 Наурыз 2021, 22:33
2655
Бөлісу:
Ғалымдар ғарышкерлердің көбінесе қай аурудан көз жұматынын анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғарышкерлердің басым бөлігі жүрек-қантамыр жүйесі аурулары салдарынан көз жұмады. Орбитаға барып келген 100-ден астам адам туралы деректерді зерттеген ресейлік ғалымдар осындай қорытындыға келген.

Измеров атындағы ҒЗИ, Бурназян атындағы федералды медициналық биофизикалық орталық және Ресей ғылымдар академиясы медициналық-биологиялық институты зерттеушілерінің бірлескен баяндамасы Мәскеуде 5-8 сәуірде өтетін «Ғарыштағы адам» халықаралық симпозиумында ұсыналмақ.

Аталған ұйымның ғалымдары ресейлік және кеңестік 118 ғарышкердің деректерін саралады. Ал оларды зерттеу кезеңі шамамен 60 жылға жалғасты (1960 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін). Осы уақыт аралығында 37 ғарышкер қайтыс болған.

Белгілі болғандай, ғарышкерлердің 48,65%-ы - жүрек-қантамыр ауруларынан, 27,03%-ы - қатерлі ісіктен көз жұмған. 16,22% жағдайда ғарышкерлердің өлімі басқа себептерге байланысты болған. Қайтыс болғандардың орташа жасы – 64,4 жасты құраған.

Зерттеу жұмысы авторларының айтуынша, әзірге қолда бар деректер ғарыштық сапарлардың адам денсаулығына тигізер әсерін бағалау үшін жеткіліксіз. 


Өзгелердің жаңалығы