Ғалымдар ең қауіпті онкологиялық аурудың себебін анықтады

31 Наурыз 2021, 10:25
2438
Бөлісу:
Ғалымдар ең қауіпті онкологиялық аурудың себебін анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралия онкологтары зерттеу жүргізіп, сүт безі обырының ең агрессивті түрінің дамуына жауапты адам генін анықтады. 

Обырдың бұл түріне шалдыққан науқастар арасында өлім-жітім деңгейі тым жоғары.

Мамандардың жүргізген зерттеуі Nature Communications журналындағы мақалада жарияланды.

Негізінде гормонға сезімтал сүт безі қатерлі ісігінің дамуы ағзада прогестерон мен эстрогеннің болуымен тікелей байланысты. 

Қатерлі ісіктің бұл түрі гормондар арқылы жасалатын емге сезімтал келеді. 

Алайда кейбір адам қатерлі ісіктің эстроген-рецепторы оң түрінен (ER+) зардап шегеді.

Оны басқаша IntClust2 деп те атайды. Ол сүт безі обыры түрлерінің ішіндегі ең қауіптісі. Обырдың бұл түріне шалдыққан адамның метастаздары лимфа түйіндеріне еніп, әрі қарай бүкіл организмге тарайды. 

Ғалымдардың сөзінше, қатерлі ісіктің бұл типіне шалдыққан әйелдердің тең жартысы дерттен көз жұмады.

Зерттеу барысында австралиялық мамандар сүт безі обырының 119 үлгісін зерделеді. Соның ішінде IntClust2 салдарынан AAMDC гені орналасқан 11-хромосомадағы РНҚ аумағы айтарлықтай амплификацияланатыны анықталды (жүйенің бір элементтері әсерінің болмашы өзгеруінен басқа элементтер әсерінің күшеюі - ред.).

Ғалымдар метаболикалық күйзеліс кезінде бұл ісіктің дамуы үдей түсетінін айтты.  

Өзгелердің жаңалығы