Ғалымдар Айдан су алатын жоба ойлап тапты

30 Сәуір 2022, 16:50
2092
Бөлісу:
Ғалымдар Айдан су алатын жоба ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік ғалымдар Айда су өндіруге арналған робот жобасын әзірлеп шығарды. Бұл туралы Риа-Новости хабарлады. 

Бірегей жоба Курчатов институтында әзірленген. Аталған институттың мамандары әзірлеген жобада Айдағы топырақтан су алуға болады. 

Жоба авторларының мәлімдеуінше, техника Айдағы топырақтан су өндіріп, болашақта ай станциясын сумен және зымыран қозғалтқыштарына жанар-жағармай құюға мүмкіндік береді. Қазіргі ай бетінде жүрушілерде реголиттен, қатқан мұз кесектерінен су өндіру функциясы жоқ екені анықталды. 

Ай бетінде жүрушінің салмағы 1,4 тоннаны құраса, ұзындығы – 4 метрге дейін, ал ені – екі метрге дейін жетеді. Ол басқару жүйесіне ие деп атап өтті ғалымдар. 

Техникаға су жинауға арналған жылуоқшаулағыш ыдыс пен оны топырақтан буландырып алуға арналған контейнер орнатылады. Одан басқа, ай бетінде жүрушіде фреза, сондай-ақ ай сәулелерін шоғырлатқыш пен күн батареясы бар.  

Өзгелердің жаңалығы