Ғалымдар 31 мың жыл бұрын өмір сүрген аяғы кесілген адамның қалдықтарын тапты

11 Қыркүйек 2022, 19:19
2185
Бөлісу:
Ғалымдар 31 мың жыл бұрын өмір сүрген аяғы кесілген адамның қалдықтарын тапты

Сидней университеті мен Гриффит университетінің зерттеушілері Борнео аралындағы үңгірден 31 мың жыл бұрын өмір сүрген адамның қалдықтарын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Nature журналы жариялағандай, табылған 20 жастағы жігіттің сол жақ аяғы құрғап кеткен және өлшемі баланыкіндей ғана болған. Бірақ ересек адам болғаны айқын деп отыр. Белгілі болғандай, жігіттің табаны болмаған. Археологтар ампутацияланған жердің таза болғанын, ешқандай инфекцияның іздері байқалмағанын анықтады. 

Зерттеулерден анықталған, ежелгі адамның қалдықтарында мойынның сынығы мен бұғана жарақаты болған. Сарапшылар жарақат пен аяғының ампутациясы бала кезінде бір уақытта орын алуы мүмкіндігін алға тартты. 

 Үңгір таудың биік жерінде орналасқан. Археологтар ампутациядан соң бір аяқпен 6-9 жыл өмір сүрген адамның жолы болған деген пікір айтты.  

Өзгелердің жаңалығы