Ғалым смартфонның миға қандай қауіп төндіретінін айтты

31 Наурыз 2021, 21:40
1358
Бөлісу:
Ғалым смартфонның миға қандай қауіп төндіретінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Смартфон заманауи адам үшін «сыртқы жады» болды. Мұны биология ғылымдарының докторы, Ломоносов атындағы ММУ биология факультетінің профессоры, психофизиолог Александр Каплан Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.

Ғалым гаджетті сақтау құралы ретінде пайдалану адамның өзінің жадының нашарлауына әкеп соғатынын айтты. Сонымен, егер сіз қажетті дүниені ұмытып қалмау үшін телефонға сақтап алып, қажет кезде сол арқылы еске түсіріп отырсаңыз, онда ми мұндай еске салуларға үйреніп алады. 

Бұлшықет қозғалыссыз жансызданып қалатыны секілді мидың есте сақтау үшін жауапты механизмдері толық жұмыс болмаған кезде әлсірейді, — деді ол. 
Сонымен бірге Каплан смартфондардан бас тартуға шақырмайтынын айтты. Оның айтуынша, гаджеттерді тек қажет кезде ғана пайдалынған дұрыс. Бос уақыттың барлығын бір смартфонға қарап өткізбеу керектігін айтады.

Қаңтарда психолог Дмитрий Синарев смартфонға ауыр тәуелділіктің белгілерін атады. Оның айтуынша, смартфонға тәуелді адамды оның мінез-құлқынан анықтауға болады. Мұндай адам әрқашан гаджетті қолында немесе жанында ұстайды. 

Мұндай адамдар көбінесе көптеген грамматикалық және стилистикалық қателіктер жібереді. Өйткені әбден гаджеттің көмегіне сүйеніп алған, — деді сарапшы. 

Өткен жылдың қаңтарында Бостон университетінің оқытушысы Джоэль Ренстром смартфондарға тәуелділікті темекіге деген тәуелділікпен теңестірді. 

Ғалымның пікірінше, пассивті темекі шегу мен гаджеттерге тәуелділіктің көптеген ұқсастығы бар. Ата-аналар кез келген бос уақытында смартфондарын алып шығып қарап отыруды әдетке айналдырғаны, олардың балаларына да әсер етеді. Анасы баласын тамақтандырып отырып та, бір қолымен телефон ұстап отыра беретін болды дейді ғалым. Темекі шегетін адам жұмысынан босай қалса темекісін шексе, гаджетке тәуелді адам босай қалса, смартфонын алып шығып қарап отыратын күйге жеттік дейді ол.
 




Өзгелердің жаңалығы